ESG бұл не?

Басты / Мақалалар / ESG бұл не?

ESG – бұл корпоративтік термин және ол тұрақтылық құндылығын енгізу тәсілі ретінде бұрыннан қолданылған әйгілі «PEOPLE, PLANET, PROFIT» ұранынан шыққан. Сондықтан, ESG – бұл бизнестің басқарушылық, экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мүдделерін ескере отырып, дамуына мүмкіндік беретін тұжырымдама. Ал соңғы жылдары, ESG жаһандық жылынуға қарсы жалпы күрестің тиімді корпоративтік тетіктерінің бірі ретінде кеңінен қолданыла бастады.

ESG компанияның немесе ұйымның қызмет түріне байланысты өзгеруі мүмкін үш факторды (Экологиялық, Әлеуметтік және Басқару) және олардағы көптеген қосалқы факторларды қарастыратынын ескеру өте маңызды.

Негізгі факторлар:

  1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР
    • Парниктік газдар шығарындылары (Scope 1, 2, 3)
    • Биоалуантүрлілік
    • Энергия тұтыну
    • Су тұтыну
    • Қалдықтар
    • Жерді және қалпына келмейтін ресурстарды пайдалану
    • Топырақтың, судың, ауаныңластануы
  2. ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
    • Адам құқықтары
    • Қызметкерлердің қанағаттануы
    • Кадрлардың тұрақтамауы
    • Өндірістегі өлім мен жарақаттанушылық
    • Компаниядан тыс мүдделі тұлғалармен жұмыс
    • Клиенттердің қанағаттануы
    • Дербес деректерді қорғау
    • Тауарлар мен өнімдердің қауіпсіздігі
  3. БАСҚАРУ ФАКТОРЛАРЫ
    • Комплаенс
    • ESG Стратегия және Бизнес-этика
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
    • Құқықтық қорғау
    • Тәуекелді-Менеджмент
    • Корпоративтік басқару, Басқару органдары, ДК және Басқарма, Комитеттер