Thompson Reuters зерттеуінің нәтижелері
➢ АҚШ пен Еуропадағы сауалнамаға қатысқан топ-менеджерлердің 71%-ы ESG-тің корпоративтік әлемдегі рөлі жақын арада айтарлықтай өседі деп санайды.
➢ 60%-ы олардың компаниялары ESG-ке айтарлықтай инвестиция салуды жоспарлап отыр және мұны бәсекелестік артықшылық ретінде қарастыратынын жауап берді.
➢ 56%-ы өз компанияларының топ-менеджерлері ESG-ті даму мен өсудің басты басымдықтарының бірі деп таныды деп санайды.
ESG енгізу қажет, себебі, бұл компаниялар үшін келесі себептерге байланысты тиімді:
➢ Табыстың өсуі: ESG көрсеткіштері жоғары компаниялар кірістің өсуін көрсетеді.
➢ Операциялық шығындардың азаюы: ESG-ті тиімді енгізу операциялық шығындарды азайтуы мүмкін.
➢ Қызметкерлердің өнімділігін арттыру: Жұмысшылар ынталы және өнімді, ал ұжымдар ұйымшыл және мақсатқа бағдарланған бола бастайды.
➢ Қаржыны тартудың қарапайымдылығы: ESG-рейтингі жоғары компаниялар жеңілірек инвестицияларды тартып, жаңа технологияларды енгізеді, бұл олардың инновациялық компанияларға айналуына ықпал етеді.
➢ Мемлекет пен серіктестердің оң көзқарасы: Мемлекеттер, инвесторлар және шетелдік серіктестер «жасыл» компаниялармен ынтымақтасуға дайын болады