ESGSCORING.KZ дегеніміз не?

Басты / Мақалалар / ESGSCORING.KZ дегеніміз не?

ESGSCORING.KZ – бұл Қазақстан мен Орталық Азияның ерекшеліктерін ескере отырып, компаниялар мен ұйымдар қызметінің экологиялық (Environmental), әлеуметтік (Social) және басқарушылық (Governance) аспектілерін бағалауға арналған құрал. Бұл құрал компанияның тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына қаншалықты сәйкес келетінін өлшеуге және талдауға көмектеседі.

  1. Метрика мен стандарттар жиынтығына (экологиялық метрика, әлеуметтік метрика және басқару метрикасы) негізделген әдістемені қолдана отырып, ESGSCORING.KZ ұйымның ESG қағидаттарына сәйкестігін бағалайды. Оның жұмысының нәтижесі ұйымның ESG критерийлеріне сәйкестік деңгейін көрсететін сандық мән болып табылады. Бұл мән инвесторлар мен мүдделі тараптарға бизнестің тұрақтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін ескеретін, негізделген инвестициялық шешімдер қабылдауға көмектеседі.
  2. ESG scoring компанияға ESG саласындағы күшті және әлсіз жақтарын талдауға, сондай-ақ, ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін есептер дайындауға мүмкіндік береді. Компаниялар оны ESG-қағидаттарына сәйкестіктің ағымдағы деңгейін бағалау, тұрақтылық көрсеткіштерін жақсарту стратегияларын әзірлеу үшін пайдалана алады.
  3. ESG scoring өзінің тұрақтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ, беделі мен инвестициялық тартымдылығын жақсартуға ұмтылатын компаниялар үшін маңызды құрал болып табылады